23-қараша күні Өрнек орта мектебінде « Жалпыадамзаттық құндылық бақытты өмір негізі»атты сынып сағаты 1-11 сынып аралығында өтті.
Сынып сағаты белгіленген уақыт бойынша бірінші ауысымда сағ-10:00 де, ал екінші ауысымда сағ-14:00 де өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты:
- оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерді сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу;
Сынып сағатында оқушыларға адамзаттық құндылықтың негізгі 5 бөлімі жайлы түсіндіріліп, «Сынық құмыра» ертегісі көрсетілді. Оқушылар ертегіні талдап, өз ойларын ортаға салды. Әр сынып жетекші өз сыныптарында сынып сағатты әр түрлі тәсілмен бастады. Кей сыныптар сынып сағатын шаттық шеңберімен бастаса,басқа сыныптар сұрақ- жауап арқылы бастап,енді келесілері «Жігерлендіру» тыныштық сәтінен бастады. Балалардың жалпыадамзаттық құндылық жайлы ойларын сұрап әрі қарай дамыта түсу үшін бейнежазба арқылы жеткізді. Сынып сағатында «Бақытты болудың бес тәсілі» деген тақырыпта шағын мәтіндерін жазып ортаға салды.Оқушылар ойлары бақыт ең ұлы, шынайы бақыт екені түйінделіп,соңынан оқушыға берілген ойды жалғастыру тапсырмалары берілді. «Бақыт» сөзінің мағынасын ашты.
Сара Алпысқызы Назарбаеванық Жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастырып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше демекші,әр баланың бойында сүйіспеншілік, адамгершілік,мейірімділік, қамқоршылық қасиеттерін аша түскендей сынып сағатының соңында балалар жалпыадамзаттық құндылықтар туралы өз ойларын білдіріп, қорытындылады.