27 қаңтар күні құқық пәнінің мұғалімі Жунусова Б.К 10-11 сынып оқушыларымен «Діни экстремизм: болу мүмкін қауіп-қатері» атты сыныптан тыс сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында мұғалім әр оқушыға кітапша берді. Сыныптан тыс сынып сағатын өмірден алынған мысалмен бастап, толыққанды мәлімет берді. Ол өз сөзінде , секта азаматтарға тек қана өз пікірін таңып мақұлдату, зорлық-зомбылық көрсету, еркінен тыс әрекет пен мүлкін тартып алу, тіпті кісі өміріне қауіп төндіретін ұйым екендігі туралы айтып өтті. Бұл діндер ешбір қазақтың мұңын мұңдап, күйін күйттеу үшін келмегендігі анық. Түрлі дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жетегіне кету арқылы отбасын ойрандатып, қоғамды шулатып, тыңшылық, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне орасан зиян тигізуі әбден мүмкін екенін және өз ойын айтып өтті.