«Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Өрнек ауылы жалпы  білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Орнек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өнегелі 15 минут Домбыра туралы әңгімені атасы Жуманов С. Ш. немерелеріне айтып берген: «Ертеде бір құралайды көзге атқан ерекше бір аңшы жігіт болыпты дейді. Сол аңшы жігіт биік таудағы қалың қарағай арасындағы аңдарды аулап өмір сүріпті. Бірде сәті түсіп, бір маралды атып алыпты да, ішек қарынын түгелдей дерлік алып тастапты. Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт аң атуға ең ұрымтал жер осы еді ғой деп баяғы теңбіл маралды атқан жерге келсе, құлағына ызыңдаған бір дауыс шалынады. Барлап қараса баяғыда өзі атқан маралдың ішегін қарға құзғын іліп алып ұшқан болса керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалған ішекті көреді. Ызыңдаған дыбыс сол ішектен шығып тұрғандығын аңғарады. Ол өзі бірде уілдеп бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылаған болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіріпті. Сол жерде аңшы жігіт «қой, мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амалын жасайын» деп ішекті үйге алып келіпті де, бір ағашты ойып соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя беріпті. Бұл үн жалғыз аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймай, тыңдаған жанның түгелін елітіпті. Осылайша домбыра  аспабы дүниеген келген екен..."

24.02.2025
Просмотров: 1042


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст