Қарттарым – асыл қазынам” Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, қарттарымызға құрмет пен ізеттіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Ән айтылып, өлең оқылып, жылы лебіздер айтылған бұл кеш қонақтардың көңілін толқытып, жүректерін жылытты. Қарттар – өткеннің шежіресі, ұрпаққа үлгі болар алтын қазына. Осындай шаралар арқылы оқушылардың бойында үлкенге деген сыйластық пен құрмет сезімі арта түсері сөзсіз. Ұйымдастырушыларға және атсалысқан барлық ұстаздарға алғыс білдіреміз! Қайырымдылыққа толы мерейлі күндер көп болсын!

01.10.2025
Просмотров: 2782


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу