МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – адамзат баласының ең асыл, ең қадірлі мамандығының иелерін ұлықтайтын ерекше мереке. Өйткені ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол – ұлттың рухын қалыптастыратын тұлға, шәкірттің жүрегіне жол таба білетін рухани тәрбиеші. Сіздердің әр сабағыңыз – ұрпақ болашағына қаланған берік іргетас. Әрбір оқушының жетістігі мен табысы – сіздердің маңдай терлеріңіздің, төзім мен мейірімге толы еңбектеріңіздің нәтижесі. Құрметті ұстаздар! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс және шәкірттеріңіздің қуанышы мен құрметіне бөленуді тілейміз! Өмір жолдарыңыз нұрға, еңбектеріңіз жеміске толы болсын. Білім нұрын себуші алтын жүрек иелері – Сіздерге бас иеміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!