9 қазан күні мектебімізде аудандық “Ақберен” шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты оқушылардың гуманитарлық - эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін тандауда шығармашылық қабілетін, өлен жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуда қолдау көрсетіп, ары карай дамуына жол ашу. Байқауға аудан бойынша 23 оқушы қатысып, 5 номинация бойынша өткізілді. Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.