Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Б. А. Омирова мектептің педагог-психологы М.С. Бигатовамен бірлесіп психологиялық қолдау орталығының сенім телефонының жұмысы мәселесі бойынша білім алушыларға түсіндіру іс-шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты-оқушыларды сенім телефоны арқылы анонимді және білікті психологиялық көмек алу мүмкіндігі туралы хабардар ету. Әңгімелесу барысында оқушыларға қандай жағдайда қолдау сұрауға болатындығы, қандай сұрақтар қоюға болатындығы және сенім желісі қалай жұмыс істейтіні түсіндірілді