Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай «Сиқырлы қылқалам» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар өз шығармашылықтары арқылы туған елге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін суретпен бейнелеп көрсете білді. Көрмеде Қазақстанның символдары, табиғаты мен тарихи оқиғалары бейнеленген. Әр сурет — оқушының жүрегінен шыққан шынайы туынды. Мақсаты — жас ұрпақтың бойында ұлттық сана, Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.