Бүгін мектебімізде жоғары сынып оқушыларына арналған «Мен және менің эмоцияларым» тақырыбында тренинг өткізілді. Шара барысында оқушылар эмоцияны тану, басқару және дұрыс жеткізу жолдарын үйреніп, түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды орындады. Рефлексия арқылы әр қатысушы өз ойын ашық айтып, жағымды әсер алды.