Құрметті әріптестер, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – азаттықты аңсаған ата-бабалар арманын жүзеге асырған, еліміздің ең қастерлі, ең маңызды күні. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз, елдігіміздің тұғыры, бірлігіміздің символы! Тәуелсіз еліміз тыныш, көк байрағымыз биік, бірлігіміз берік болсын! Жаңа белестерге жетелейтін жарқын істер мен табыстар тілейміз! Әрбір шаңыраққа бейбітшілік, бақыт және амандық орнасын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын!

16.12.2025
Просмотров: 3584


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу