Мектеп асханасына бракераж комиссиясы келді Тамақтану сапасын бақылау және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау мақсатында мектеп асханасында бракераж комиссиясы тексеру жүргізді. Тексеру барысында дайындалған тағамдардың сапасына, пісіру технологиясының сақталуына, азық-түлікті сақтау шарттарына, сондай-ақ ас блогының санитарлық жағдайына баға берілді. Тексеру қорытындысы бойынша ескертулер анықталған жоқ. Оқушылардың тамақтануы белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес келеді. Мектепте қауіпсіз және сапалы тамақтануды қамтамасыз ету бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.

Просмотров: 3322


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу