Аутизм туралы ақпараттандыру айлығы аясында мектеп медбикесі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, аутизм туралы маңызды ақпараттар берілді. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың аутизм туралы түсінігін қалыптастыру, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға деген мейірімділік пен құрмет сезімін арттыру