Біздің мектебімізде Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың жылдығына арналған еске алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру және апат салдарын жоюға қатысқан ликвидаторлардың ерлігін ұмытпау. Шара барысында апат салдарын жоюға қатысқан жерлесіміз Кифер Иван Иванович туралы кеңінен ақпарат берілді. Оның ерлігі, батылдығы мен ел алдындағы еңбегі оқушыларға үлгі ретінде насихатталды. Сондай-ақ, оқушыларға кейіпкерімізге арналған бейнематериал ұсынылып, бұл олардың оқиға мәнін терең түсінуіне ықпал етті. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастырып, тарихи мұраға деген құрметін арттыруға бағытталған.