Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 72 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс
та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ
мереке.
Бұл мерекеге орай біздің Өрнек орта
мектебінде айлық мерекелік іс-шара өткізілуде. 9 сәуірден
бастап 9 мамырға дейін әскери
патриоттық айлығы жоспарланып өткізуде. Мектеп бойынша өтілетін іс- шаралар жоспары құрылды.
Айлықты ашу салтанатты жиыннан басталды. Алғашқы Әскери
Дайындық пәнінің мұғалімі Аюпов
Т.З айлықтық басталуы және жоспарланған іс-шаралармен таныстырып өтті. Жоспар бойынша пневматикалық мылтық ату сайысы, 3 кезенең тұратын
патриоттық әндер, 7-10 сынып арасында волейбол ойыны, Ұлы Отан соғысына қатысты
ашық сабақ өткізілмек, сапта жүру және патриоттық әндердің байқауы, айлықтың жабылу кезеніне арналған
мереклік концерт жоспарланды.
Келе жатқан Ұлы жеңістің күні құтты
болсын! Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кесірінен өткен ата апаларымыз
аман болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!