Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
19-5 бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау
1. Профилактикалық есепке алу кәмелетке толмағандардың, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының, заңды өкілдерінің мінез-құлқына профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында ақпаратты жинау және тіркеу үшін жүргізіледі.
2. Профилактикалық есепке кәмелетке толмағандар қойылады:
1) оларға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған;
2) оларға қатысты бос уақытын шектеу және мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;
3) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасаған;;
4) өздеріне қатысты қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп айыпталушылар немесе күдіктілер босатылады; 5) жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар; 6) шартты түрде сотталғандар, қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталғандар, түзеу жұмыстарына, бас бостандығынан айыруға байланысты емес өзге де жаза түрлеріне сотталғандар; 7) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылғандар, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының түлектері. 3. Профилактикалық есепке кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары, заңды өкілдері қойылады.
4. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді.
5. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандардың, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының, заңды өкілдерінің мінез-құлқын жүйелі түрде байқаудан тұрады. 6. Мүдделі адамдар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады. 7. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ оның мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмаған адамды, ата-анасын, заңды өкілін ішкі істер органдары профилактикалық есепке қою туралы жазбаша нысанда профилактикалық есепке қою туралы шешім шығарылған күні не сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етеді.
9. Профилактикалық есепте қамтылған мәліметтер тек кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін. 10. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Ескерту. 3-тарау 19-5-баппен толықтырылды-ҚР 2010.04.29 № 272-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; 19-5-бап жаңа редакцияда-ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.