Текст
Қымбатты Абай Қуанышбекұлы!
Күш-жігері мен әл-қуаты мол, интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына имандай сенген жас ұрпақ осынау үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынды.
Сұрапыл соғыс жүрегіне өшпес жара салған азаматтарға құрмет көрсету – біздің қасиетті парызымыз.Сіздердің әр кезде де алдыңғы қатарда жүріп, туған Қазақстанымызда бейбітшілік пен достықты, татулықты орнықтырып, өскелең ұрпаққа тәрбие беруге өлшеусіз үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін біз алғысымымызды білдіреміз.
Біз сізді айтулы мерекеңізбен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға құт-береке, бақыт тілейміз!