«Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Өрнек ауылы жалпы  білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Орнек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жүргізілген жұмыстардың талдауы

21.12.2018

 

Құқық

бұзушылықтың алдын алуға байланысты жүргізілген  жұмыстардың талдауы.

2018-2019 оқу

жылы

 

Мақсаты:  Кәмелетке

толмағандармен құқық бұзушылықтардың алдын- алу жұмыстары жүргізу үшін құқықтық

негіздерді мектеп жағдайында қалыптастыру.

Міндеті: Кәмелетке

толмағандардың заңға мойын ұсынушылық мінез құлқын қалыптастыру, олардың

бойында имандылық пен салауатты өмір салтының негіздерін дамыту бағытындағы

негізгі шараларды жүзеге асыру. Себепсіз сабақ босататын оқушыларды анықтау,

есепке алу тиісті шараларды жүзеге асыру.

          

2018-2019 оқу жылына жылдық жоспар жасалынып, құқық бұзушылықтың алдын алу

отырысының кестесі құрылды. Кесте бойынша әр айдың үшінші аптасында отырыс

болып отырады. Отырысқа барлық кеңес мүшелері толығымен қатысады.

Құқық

бұзушылықтың алдын алу бойынша мына төмендегі жұмыстар жүргізілді.

          

Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтармен, қадағалаусыз, панасыз қалудың

алдын алу мақсатында мектеп инспекторымен бірлесе жұмыс жасайтын мектепшілік

жедел отряд тобы құрылды.  Құрамында 11 сыныптың 3 оқушысынан тұрады.

«Мектепке жол» тақырыбындағы Республикалық ұйымдастырылған акция бойынша

мектепке қарасты аумақта және кейбір оқушылардың үйлеріне сынып жетекшісі,  педогог-психолг, жұмыстары жүргізілді. Жалпы оқумен

қамтамасыз ету шаралары жүргізілді. «Ішімдік қоғам ағзасына түскен індет»

тақырыбында слайд шоу және видеороликтер көрсетілді. Сонымен қатар «бар

қадіріңді жоғалтатын- алкоголь» атты тақырыбында дөңгелек үстел

ұйымдастырылып,  оқушылар өз ойларын ортаға салып бөлісті. 

«Алкогольдың пайдасы мен зияны» бойынша 8-9 сыныптар арасында дебат

ұйымдастырылды. Бұл тақырыптарда оқушылардың  ақпарат беру арқылы ғана

емес   өздерінің дайындалуымен әр түрлі өмірдегі ситуациялық

жағдайларды  көрініс түрінде көрсету және оны талқылау оқушылар үшін өте

тиімді және қызықты болды.

Қазан айында  «Түнгі ауылдағы балалар»атты рейд жасалды. Рейдке полииция

қызметкерлерімен, мектептің тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педогог-психолг қатысты. Рейд нәтижесінде кешкі көңіл

көтеретін орындарына біздің мектептің оқушылары жоқ екендігі анықталды.

  Қараша айында  демалысқа шыққан кездегі қиын

балалармен жұмыстар жүргізілді. Мұнда оқушылармен  "Біз салауатты

өмір салтын сақтаймыз"   тақырыбында дене шынықтыру пәнінің

мұғалімдерімен спорттық сайыс өткіздік. Мұнда оқушылар әр түрлі тапсырмаларды

бірден орындап,(арқан тартыс, доп лақтыру, жіптен секіру) өздерінің 

спортқа деген қызығушылығының жоғары екендігін көрсетті. "Мен бақытты

ғұмыр кешуге лайықтымын" тақырыбында қабырға газеттері шығарылды. 

Ата аналар жиналысында  мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың өмір

қауіпсіздігі туралы  таныстырылды. Оқу тәрбие барысында мұғалімдер

арасында  әдістемелік кеңестер кезінде  жасөспірімдермен дұрыс қарым-

қатынас жасау ұсыныстары айтылды. Мектебіміздің I қабатында  «Бақытты

балалық шақ» тақырыбында  үгіт насихат бұрышы дайындалған.  Сенім

жәшігі бойынша мектебіміздің Т.Ж орынбасарлары, мектеп психологы, аптасына бір

рет түскен хаттарды талқыланып  отырады.   Сонымен қатар 11сынып

оқушылары және ата-аналарына   учасковы өткен ата-аналар жиналасында «Абайлаңыз балалар»

тақырыбында ата-аналарға, оқушыларға лекция оқыды

 

Просмотров: 548


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст