Жер бетіндегі бар тіршілік нәр алып, табиғат оянып, көңілге қуаныш ұялататын көктемнің тұңғыш мерекесіне орай Өрнек орта мектебінде «Анашым – қуанышым» атты меркелік концерт өтті. Концерт мектебіміздің басшысы Аюпова З.Е құттықтау сөзімен басталып, ауылымыздың ақ жаулықты әжелері мен аяулы аналарына арнап мұғалімдер ұжымы мен технология пәнінің мұғалімі Бигатова М.С және оқушылармен «қызғалдақ» гүлінен жасаған, гүл шоқтарын тарту етумен жалғасты. Оқушылар осынау ерекше күні аналарына деген махаббатын, алғысын өлең жолдарымен, әсерлі әндерімен, көңілді көріністерімен жеткізді. Ауылымыздың үлгі тұтар әжелері ақ ниеттері мен ізгі тілектерін білдіріп, шашу шашты.
Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналарға, мейірімді әжелерге, әдемі аруларға Өрнек орта мектебінің ұжымы шұғыла көктемнің алғашқы мерекесінде сіздерге шынайы көңілден: зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейді!