Текст
2019 жылдың 18 наурызда Өрнек орта мектебінде Наурыз мерекесіне орай 9-11 сыныптар арасында сайыс-сабақ өтті. Сайыстың мақсаты оқушылардың жан-жақты білімді болуға, салт-дәстүрлерді құрметтеуге, сақтауға және әдептілікке тәрбиелеу болды. XVIII – XX ғасырда орыс, шетел ғалымдары, саяхатшылар қазақ халқының салт-дәстүріне қызыққан, оны зерттеген.
Сайысты оқушылар сәлемдесу салтымен бастады, оның толық мағынасын ашып берді. Оқушылар қазақ тойында қолданатын салт-дәстүрлерді анықтады: сүт ақы, құйрық-бауыр, қалын мал және т.б. Қазақ халқының қонақжайлығын көрсетіп, базарлық, сарқыт, байғазы, сүйінші ұғымдарын талдады.