«Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Өрнек ауылы жалпы  білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Орнек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің, әз Наурыз!»

20.03.2019

Наурыз мейрамы – Шығыс халықтарының көпшілігінде мұсылман діні қабылданғанға дейін пайда болған, көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі. 

20 наурыз күні мектеп оқушыларының қатысуымен ауыл тұрғындарына арналған « Қош келдің, әз Наурыз! » атты мерекелік концерт өткізілді. Концертте мектеп оқушылары ән айтып, би билеп өнер көрсетсе, ақ әжелеріміз шашу шашып, ән сайысына қатысты. Оқушылар арасында қазақтың ұлттық асық ату мен арқан тарту ойындары ойналды. Мерекелік концерт соңынан ауыл ақсақалы Рахимов Олжабай ұлыстың ұлы күніне арнап бата берді. Мектептің спорт секцияларының ұйымдастыруымен мерекеге орай волейбол, шашки, тоғызқұмалақ ойындарынан сыныптар, мұғалімдер, ауыл адамдары  арасында жарыс өтті.

Алға қарай да осындай игі істер жалғасын таба береді деген ойдамыз. 

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст