2019 жылы 30 сәуірде Өрнек орта мектебінде 5-11 сынып оқушылары үшін Жеңіс күніне арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» ашық тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты – балаларға адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істермен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болғандардың рухына бас иіп еске алу, бір минут үнсіздікпен басталды. 9-10 сынып оқушылары соғысқа арналған сарбаздар жинағы туралы көрініс көрсетті. Қазақстандықтардың ерліктері, Өрнек ауылының ардагерлері, соғыс уақытында әйелдер мен балалардың жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнероликтер көрсетілді.
9-сынып оқушыларының орындауында «Соғыс жауынгерлері», «Ән салшы, сарбазым» әндері мен өлеңдері орындалды.