Мектебіміз 3-қазан сағат 10:00де өткен Республикалық экологиялық сағатқа қосылды, экосағаттар 1-11 сыныптар аралаығында өтті. Информатика-математика пәні бойынша өткен «Жердің температурасы бар» тақырыбында экологиялық сағатта оқушыларға көмірқышқыл газының әлемге зияны жайлы айтылып, мәселені шешу жолдары жайлы пікір алмасты. География пәнінен өткен «Мұхиттар қауіпті жағдайда» тақырыбындағы экосағатта слайд-презентация көрсетілді. Экосабақ екі тілде өтті, оқушылар белсенді пікір алмасып, ойларын ашық жеткізді. Бастауыш сыныптарда «Егер жер алма болса» тақырыбында сабақ өтіп, жер туралы видеоролик көрсетілді.
Экосабаққа жиналған ата-аналарға «Экосағат бүгіннен баста!» атты видео көрсетіліп, табиғаттың ластануы және оны қорғау жолдары жайлы ойларымен бөлісті.
Экологиялық сабақтар мектеп ауласында ата-аналар мен оқушылардың тал отырғызуымен аяқталды.