13 қарашада Өрнек орта мектебінде «Настоящее и будущее: защищенное детство для каждого ребенка» атты Дүниежүзілік сабақ өтті, онда тарих және құқық пәнінің мұғалімі Б.К.Жунусова БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының жалпы идеясын түсіндірді.
Сабақ «Балалық шақ» сөзі сіз үшін нені білдіреді?» деген сұрақтан басталды. Балалар өз пікірлерін білдіріп, барлық балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылады. Сабақ барысында әр түрлі елдердің әр түрлі суретшілерінің суреттері қаралды, балалар алдын әр түрлі жағдайлар қойылып және олардан шығу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері Т.А.Абрамова және Ж.К.Ашимова балалардың құқықтары туралы сынып сағаттарын өткізді, онда балалар Конвенциямен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сабақтың соңында әр оқушы өзінің құқықтары туралы сурет салды.