Текст
Өрнек орта мектебінде Жалпы адамзаттық құндылық күніне орай тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған сынып сағаты және әңгімелесу өтті.
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады.
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді.
Жалпы адамзаттық құндылық жайында балаларға сұрақ қойып, нақты жауаптар алынды.