«Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Өрнек ауылы жалпы  білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Орнек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Траих апталығы

24.01.2020

Жас  ұрпақтың бойында ұлтжандылық, отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, туған жеріне құрмет ете білуге тәрбиелеу мақсатында Өрнек орта мектебінде тарих апталығы өтті. Апталықты шәкірттерінің білім алу барысында бар күш-жігерін аямайтын, әрдайым ізденісте болатын, жаңашыл, дара ұстаздардың бірі тарих пәнінің мұғалімі Жунусова Бибигуль Камидулловна өткізді. Салтанатты жиынмен басталған апталық, 5-6 сыныптарындағы «Олимпия ойындарының тарихы» атты ашық сабақпен жалғасын тапты. Апта бойы мектеп оқушыларына Өрнек ауылынан табылған көне жәдігерлер мен ауылдың атақты тұлғалары жайлы мағлұматқа толы мектеп мұражайы көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылар арасында «Туған жерім – ең көрікі мекен» атты фотосайыс өтіп, Өрнек ауылының ерекше сұлу табиғатын суретке түсіріп, ең үздік фотосурет таңдалып алынды.

Мектеп оқушылары пән мұғалімі Б.К. Жунусованың жетекшілігімен аудандық жобалар сайысына қатысып, жүлделі орындар иеленіп, облыстық кезеңге өткен жобаларымен таныстырды. Атап айтсақ «Менің кіші Отанымның тарихы» 10-сынып оқушысы Азатбек Армангул, «Менің кіші Отанымның символы» 10-сынып оқушысы Байсалыкова Мерей, «Менің кіші Отанымның болашағы» 9-сынып оқушысы Дюсенбаева Анель.

Қазақ елінің ұлы ақыны Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына орай «Жиделідегі Абай мұражайы» атты мәдени серуен өткізілді. Мәдени серуен оқушылардың ұлы тұлға жайлы білгендерін толықтырып қана қоймай, ерекше әсер қалдырды.

Апталықтың әр күніне оқушылар қызғушылықпен қатысып, белсенділік танытты.

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст