«Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Өрнек ауылы жалпы  білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Орнек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Халық өнері - асыл қазына»

19.04.2018

Бүгін, сәуірдің  19-жұлдызында  мектебімізде «Рухани  жаңғыру» аясында ауылымыздағы  ақ  жаулықты 

әжелеріміздің  қатысуымен  қазақ  халқымыздың  қолөнерінің бірі ұршық иіру туралы «Халық  өнері - асыл

қазына» атты іс-шара  өтті. Оның  негізгі мақсаты ұршық иірудің қыр-сырын өсіп келе жатқан жас ұрпаққа насихаттау және өз ортамызда әрі қарай дамыту.

Әжелеріміз «ұршық» туралы көптеген мәліметтер мен пайдалы кеңестерін айтып өтті. Рауза әже – қол ұршықпен, Қапиза әже – аяқ ұршықпен және Жанипа әже – тоқ ұршықпен жүн иіру, екі жіпті орау және ширату процесін көрсетті. Жіп иіре отырып өздерінің сүйікті әндерін еске түсіріп, орындап берді. Оқушылар әжелеріміздің жасаған өнерлерін тамашалап, өздері де осы іспен айналысуға көңіл білдірді. Жастарымыз қазақ халқының өнеріне бас ие отырып, бұл өнердің түрін әрі қарай дәріптеуге үлкен ықылас танытты.

Жастарымызға алтын уақыттарын аямай келіп үлгі өнеге көрсеткендері үшін әжелерімізге үлкен

алғысымызды білдіреміз! «Қарты бар елдің, қазынасы бар» - демекші асыл қазыналарымыздың өмірі ұзақ, аман болсын дегіміз келеді!

 

 

 

В рамках программы «Рухани жаңғыру» 19 апреля, в нашей школе прошло мероприятие «Халық  өнері - асыл қазына». Цель – сохранение национального искусства прядение шерсти с помощью «ұршық», развитие познавательного интереса детей, воспитания любви к Родине, к своему народу.

Рауза әже, Қапиза әже и Жанипа әже рассказали о искусстве прядения с «ұршық», показали как прясть с помощью ручной, ножной и электрической прялки. Бабушки вспомнили и с удовольствием спели песни, которые они исполняли во время прядения пряжи. Дети с интересом наблюдали за работой бабушек, затем сами учились прясть.

В конце мероприятия все выразили благодарность бабушкам и пожелали им здоровья.

Просмотров: 624


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст