Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы туралы ақпарат
«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Өрнек ауылы жалпы білім беретін мектебі» КММ
22-мамыр күні «Оқу жылының аяқталуы туралы» тақырыбында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 24 ата-ана қатысты. Мектеп директоры Аюпова Зиин Ешмухановна ашық бюджетпен таныстырды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қуандық Өзгеріс оқу жылының аяқталуы жайлы айтты, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Нургүл Болатқызы жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері жайлы, жазғы лагерь жайлы ақпарат берді. Жиналыс барысында ата-аналарды оқу жылындағы оқушылардың, мұғалімдердің жетістігімен таныстырып, жазғы мектеп, қорытынды аттестация жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сұрақ-жауап бөлімінде ата-аналар сұрақтар қойып, ұсыныстарымен бөлісті. Әр пән мұғалімдеріне жеке сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Өткізілген жиналыс мектеп сайтында және инстаграм парақшасында жарияланды.