«Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Өрнек ауылы жалпы  білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Орнек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы

27.09.2021

 «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген  іс-шаралар туралы

МӘЛІМЕТ

6 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай   Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында мерекелік іс-шараның жоспары құрылып, бекітілді. 06.09.2021 күні «Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел мұраты» атты мерекелік апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға,  қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысты.  Оқушылар авторлық өлеңдерін оқып, тіл тазалығына байланысты көріністер көрсетіп, орта буын оқушылары ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақын-жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерімен таныстырды. 

Іс-шара жоспарына сәйкес 07.09.2021 аралығында «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің атасы», «Латын әліпбиінің  негізін қалаушы», «Тілге құрмет, елге құрмет» атты тәрбие сағаттары өткізілді.Сынып сағаттарының алға қойған мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу және оқушылардың азаматтық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін, ұлттық  рухани санасын, эстетикалық биік талғамын, өмірлік тәжірибесін байытып, тілімізді құрметтеп, аялай білуге тәрбиелеу болмақ.

08.09.2021 күні 10-11 сыныптар аралығында  «А.Байтұрсынов және қазақ қоғамы» атты дөңгелек үстел өткізілді. 20 ғасырда азаттық пен бостандық жайында сөз болса алдымен ел мақтанышы, еркін ойлы Ахмет Байтұрсынұлы есімізге түсетіні анық. Сондай-ақ, Байтұрсынұлының саяси қызмет жолы мен қазақ тіліне қосқан үлесі жайында сөз қозғалды.

09.09.2021 күні 5-11 сыныптар аралығында «Тіл – ел байлығы» атты

эссе жазу байқауымен жалғасты. Оқушылар  эссе  жазу барысында тілге деген өз ой түйгендерін қағаз бетіне түсіріп нақты да, дәл жеткізе білді
10.09.2021 «Ахмет Байтұрсынов-зиялылар көсемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Бұл көрме  - болашақ жас ұрпақтың дүниетанымының дұрыс қалыптасуы, ой-өрісінің биік болуына байланысты өткізілді  Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шарааларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай  мектеп ұжымы ат салысты.  Тілдің діңгегі одан әрі күшею үшін әлі де талай игі істер  бірігіп атқарылады.  Тіл үшін күрес –тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы  жанашырлық танытуға мектебіміздегі басқа ұлт өкілдері де ат салысатынына  сенеміз. 


 

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст