Текст
Бүгін, яғни 10 желтоқсан күні Өрнек орта мектебінде Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында мектепте «Менің елім - Қазақстан» атты сурет және қолөнер көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын және көркем шығармашылығын дамыту, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрмеде «Күншуақ» шағын орталығы тәрбиеленушілері мен мектепке дейінгі сынып оқушыларының жұмыстары ұсынылды.