«Ақмола облысы білім басқармасының  Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Өрнек ауылы жалпы  білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Орнек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

026 жылғы 29 қыркүйекте Өрнек ауылының негізгі орта мектебі КММ базасында: «Отбасы болу өнері: есту, түсіну, қолдау» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, тәжірибе алмасу және тиімді тәрбие әдістерімен бөлісу. Конференцияның практикалық бөлімі төрт бағыт бойынша ұйымдастырылды. Мектебіміздің педагог-психологтары Мухамеджанова Н.Б. және Бигатова М.С., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омирова Б.А., сынып жетекшісі Маман Р.С. өз тәжірибелерімен және кәсіби білімдерімен бөлісті. Конференция барысында бала тәрбиесі мен білім алуына қатысты пайдалы ақпараттар беріліп, ата-ана мен педагог арасындағы тығыз қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді. Конференцияның пленарлық бөлімінде көпбалалы әке, қоғам қайраткері Абдикаримов С.К. сөз сөйлеп, өз отбасының тәжірибесімен бөлісті және бала тәрбиесіндегі отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы ойымен бөлісті. Конференция соңында мектеп директоры Бигатова М.С. іс-шараны қорытындылап, барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.

29.09.2026
Просмотров: 164


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст